04.03.2025, 11:50

Биыл қазақстандықтардың көбі баспаналы болатын болды

Фото: atr.kz

Қазақстанда рекордтық көлемде тұрғын үй салынады.

Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл рекордтық көрсеткіш жаңа инфрақұрылым құрылысы, ипотекалық несиелеу көлемін арттыру және жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларын кеңейту арқылы жүзеге аспақ.

Жұманғариннің айтуынша, нарықты қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған шаралар елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 2 пайыздық тармаққа өсуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде экономикалық дамуға серпін бермек.