04.03.2025, 19:20

Қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн ауыстыра алады

Фото: Pixabay

Аталған құжат жобасы 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. 

Енді қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн форматта рәсімдей алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлесіп әзірлеген құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

Жаңашылдық қазақстандықтарға төлқұжат пен жеке куәлікті электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді.

"Жобаның мақсаты — «Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін қолданыстағы тәртіпке балама ретінде онлайн форматқа көшіру. Бұл пилоттық жоба ретінде 2026 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады", — делінген түсіндірме жазбада.

Аталған құжат жобасы 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.