04.03.2025, 21:30

Астанада автобус жүк көлігіне соғылып, жолаушылар жарақат алды (ФОТО)

Фото: @astanovka98

Елорда полициясы жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын тексеруді бастады.

Ұлы дала мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында №26 жолаушылар автобусы жүк көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елорда полициясы жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын тексеруді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жол шетінде тұрған жүк көлігіне барып соққан.

- Көлік апатына қатысты тексеру жүріп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар автобусы Ұлы дала даңғылы бойымен келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігін соққан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Екі жолаушы тексеру және медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.