Бүгінде ірі қалаларда халықтың көп шоғырлануы пәтерлерге тұрғындардың шектеусіз тіркелуіне әкеліп отыр.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте көші-қон процестерін реттеуге бағытталған заң жобасының үшінші бағыты туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемнің ірі қалаларында сапалы білім мен медицина, дамыған инфрақұрылым, инновациялар мен технологиялар шоғырланған, бұл жедел урбанизацияға ықпал етеді. Қазақстан да осы процестен тыс қалмай, ірі қалаларға қоныс аудару қарқыны артып келеді, - деді Жұманғарин.
Бүгінде ірі қалаларда халықтың көп шоғырлануы пәтерлерге тұрғындардың шектеусіз тіркелуіне әкеліп отыр. Кейбір пәтер иелері өз үйлерінде тұрмайтын жүздеген азаматты тіркеуге қойып, заңнаманы айналып өту фактілері жиілеген.
Мәселені шешу үшін келесі өзгерістер ұсынылады:
Елордада тұрақты және уақытша тұру бойынша тіркеу нормативін енгізу. Алдағы уақытта мәслихат бір азаматқа қанша шаршы метр тиесілі екенін анықтайды. Белгіленген нормативтен артық тұрғынды бір мекенжайға тіркеуге тыйым салу.Бұл шектеулер пәтер иесінің жақын туыстарына қолданылмайды.
Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіледі. Тұрғын үйінде тіркелген азаматтарды дер кезінде есептен шығармаған меншік иелеріне жауапкершілік күшейтілмек.