05.03.2025, 13:06

Байғұстар домбыраларын алып, метроның ішінде әндетіп жүреді – Ринат Зайытов

Фото: el.kz

Зайытов әкімдіктен осы мәселелерді қалай шешілетінін және оларға қандай жаза қолданылатынын сұрады.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов көшеде жарнама жасап, тауарын сататындардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сіздер «дыбыстық жарнаманы тоқтатамыз, тоқтатамыз» деп жатырсыздар. Қалай тоқтатылады? Мысалы, Алматыда «Алтын орда» базарында Мұқағалидің өлеңдерін оқып, кітап сататын ағамыз бар. Оны көру үшін арнайы баратын адамдар бар. Ол не қылмыс жасап жатыр? Астана да бір апамыз бар. Ол Шәмшінің әндерін айтады. Алатау театрының «Қазақша терапия» деген ұжымы бар. Олардың қымбат билбордтарға ақшалары жоқ болғандықтан, байғұстар домбыраларын алып, метроның ішінде әндетіп жүріп, керемет әдемі киімдерімен жарнама жасайды, - деді депутат.

Зайытов әкімдіктен осы мәселелерді қалай шешілетінін және оларға қандай жаза қолданылатынын сұрады.