$ 496.71  531.33  5.55

«Декретке миллионмен»: Дәулет Мұқаев өзін айыптағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Мұқаев ақпарат ауадан алынбағанын айтты.

Фото: sn.kz / Видеодан алынған кадр
Фото: sn.kz / Видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «декретке миллион» шуына қатысты ойын айтып, өзін айыптағандарға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сабаққа қатысқан адам да, қатыспаған адам да бар. Сабаққа қатысқандарда 1,5-2 сағатта барлығы анық көрсетілді. Заңсыз әрекет жасамай керегі, заңсыз ИП ашпауы керегі айтылды. Ал егер осы күнге дейін кәсібі заңдастырылмаған болса, онда заңдастырылу керегі айтылды. Оған қоса заңды табыс болса, декретке миллион теңгемен шығуға болатынының барлық формуласы көрсетілген, - деді депутат.

Мұқаев ақпарат ауадан алынбағанын айтты.

Ол ақпарат ауадан алынған жоқ. Барлығы ресми ақпарат. eGov.kz сайтында да ол көрсетілген. Әрине, қазір депутатпын, оған дейін бұл туралы үлкен аудиторияға айтып келдім. Сондықтан дұрыс түсінбей жатуы мүмкін. Сабақтарда ешқандай заңсыз дүние айтылған жоқ. Барлығы заң аясында. Елімізде «декретке миллионмен» деген дүние бар, - деп түсіндірді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары