$ 496.71  531.33  5.55

Түркістан облысында полицей қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты

Полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитов заң бұзушыны қудалау кезінде қаза болған.

Фото: instagram.com/sadenov_online/
Фото: instagram.com/sadenov_online/

Түркістан облысында полиция қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитов заң бұзушыны қудалау кезінде қаза болған.

"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - делінген Ержан Сәденовтің жазбасында.

Осы ретте министр ведомство марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсететілетінін мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары