Жақында Үкімет басшысы Олжас Бектенов бизнесі бар азаматтарға шұғыл үндеу жасаған болатын.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Bazis-A, Bi Group сияқты ірі құрылыс компанияларына жіберілген салықтық хабарландырулар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жақында Үкімет басшысы Олжас Бектенов бизнесі бар азаматтарға шұғыл үндеу жасаған болатын. Премьер-министр кәсіпкерлерге екі апта ішінде әділетті салық сомасын төлеуді сұрады.
"Екі апта берілді. Бір аптаның ішінде қандай өзгеріс бар екені туралы айта алмаймын. Мен бұл туралы әлі ақпарат алмадым", - деді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Бізде камералдық бақылау бар, деп жалғастырды ол.
"Камералдық бақылау дегеніміз ағымдағы дүние. Былтыр біз бизнеске осындай 400 мыңнан астам анықтама бердік. Биыл құрылыс компанияларына тек шет жағасын айттық. Бұл ерекше жағдай емес. Біздің әкімшілік шараларымыз бар. Керек кезде оны пайдаланамыз", - деді министр Мәжіліс кулуарында.