$ 496.71  531.33  5.55

«14 жерінен пышақ ұрған»: Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген 19 жастағы жігіттің денесі табылды

Екі күнге жалғасқан іздеу жұмыстары өкінішпен аяқталды.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген 19 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

19 жастағы Жасұлан Әбдіманап 20 ақпанда үйінен моншаға шығып кетіп, үйіне оралмаған. Мүгедектігі бар бозбаланың мәйіті арада екі күн өткенде бір-ақ анықталды. Марқұмның жақындары кенже ұлын азаппен өлтіргендер бөтен емес өз ауылдастары екенін айтады.

Райхан Жамалованың ұлын жоқтап отырғанына 10 күннен асты. 20 ақпан күні Жасұлан анасына айтып, көрші үйдің моншасына кеткен. Содан оралмаған. Әр қадамын жақындарына ескертіп отыратын жігіттен түн ішінде байланыс үзіледі. Бір жамандықты сезген ана жүрек полицияға хабарлап, туған-туыспен іздеуге кірісіпті. Екі күнге жалғасқан іздеу жұмыстары өкінішпен аяқталды. Адам аяғы баспайтын жапан даладан 19 жастағы бозбаланың азапталған денесі табылды.

“Қайдағы бір көшенің бұзық балалары айдалаға апарып, баламның істеген жақсылығы үшін осындай аяусыздықпен 14 жерінен пышақ ұрып, жауыздықпен өлтіріп отыр және ешкім білмей қалады деді ма айдалаға апарып тастап, әрі қарай өздерінің кайфовать етіп жүрген олар дым білмегендей”, – дейді марқұмның анасы Райхан Жамалова.

Жасұлан Әбдіманаптың екінші топ мүгедектігі болған. Анасы төрт баланың кенжесінің басынан 8-сыныпта ісік алынғанын айтады. Ауыр дертті жеңген жігітті содан бері ауыр жұмысқа жекпеген жақындары оның өліміне өзінің мейірімділігі себеп болғанын айтады. Сөздерінше, өзінен үлкен ауылдастары аналарының ауырып жатқанын айтып, Жасұланға несие алдырған.

"Менің баламның бір-ақ айыбы олар менің баламды алдап, анам ауырып жатыр. Маған кредит бермей жатыр сенің каспиің таза болса, алып берші деп алдырған екен. Солар сөйтіп, 2-3 айдан бері менің балама кредит алдыртып жүрген екен. Оны менің балам бізге намыстанып айтпаған. Соны енді төлеңдер. Уақыты келіп қалды. Черныйға кіріп кетпейін үйдегілер білмейді деп айтқанға олар осы дәрежеге жеткізіп отыр менің баламды”, – дейді марқұмның анасы.

Жақындары Жасұланның бір емес бірнеше адам қолынан азаппен ажал құшқанына сенімді. Әзірге 19 жастағы мүгедектігі бар жігітті өлтірді деген күдікпен әскери қызметкер қамауға алынды.

"Қазақстан Республикасы ІІМ Оңтүстік өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Шымкент бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігімен көзделген адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталды және күдіктіге қатысты тергеу соты 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді”, – делінген Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының хабарламасында.

Марқұмның анасы Райхан Жамалова ұлын айуандықпен өлтіргендердің барлығы жазасыз қалмауын талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары