$ 495.95  535.28  5.54

«Жаңбыр, қар, көктайғақ»: Бірқатар өңірде ауа райы тұрақсыз болады

Болжамға сүйенсек, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Синоптиктер 6 наурызда ел өңірлеріндегі ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сүйенсек, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ел аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөліктердің салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: солтүстікте, шығыста қар жауса, батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түседі, оңтүстікте жаңбыр жауады, - деп атап өтті компаниядан.

Сондай-ақ синоптиктер бүкіл ел аумағында тұман, жаяу бұрқасынның жүруі, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс жалпылама сипатқа ие болады деп болжады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары