$ 494.84  537.4  5.58

«Біздің ел — Ислам елі емес!»: Журналист сақалдыларды қуғандарды қолдап, жазба жариялады

Видео авторының сөзіне сүйенсек, құқық қорғау органының өкілдері Атырау қаласында орналасқан «Дина» базарында жүрген сақалдыларды шетінен ұстап әкетіп жатыр.

Фото: Instagram/bibiguldauletbek
Фото: Instagram/bibiguldauletbek

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, Қазақстанның ислам елі емес екенін жазды, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео авторының сөзіне сүйенсек, құқық қорғау органының өкілдері Атырау қаласында орналасқан «Дина» базарында жүрген сақалдыларды шетінен ұстап әкетіп жатыр.

Өз кезегінде журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мұндай шараларды қос қолдап қолдайтынын жеткізді.

«Меніңше өте дұрыс жасауда. Біздің ел — Ислам елі емес! Зайырлы мемлекетпіз. Қазақсың ба? Қазақ түріңмен жүр! Балақ кесіп, 5 түйір қауға сақалды қойып, «Қазақ ұлты бұрын болмаған. Осы сахабиттер келіп көзін ашқан. Бұрын кір-қожалақ болып жүрген қазақтар дін келген соң Адамдық кейіпке келді» деп сандырақтап отырған ТикТоктағы уағызшыларды да жазалау керек!», — деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист Атырау әуежайынан бетін тұмшалап, қараға оранғандарды осыдан екі жыл бұрын көргенде шошып қалғанын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 133
Ұнамайды 28
Күлкілі 3
Ашулы 11

Серіктес жаңалықтары