$ 503.15  543.3  5.93

Шымкенттен Астанаға ұшқан ұшақта студент қыз есінен танып қалды

Абырой болғанда ұшақтағы дәрігерлер оған уақытылы көмекке келген.

Фото: Вячеслав Фирсов
Фото: Вячеслав Фирсов

Шымкенттен Астанаға ұшып бара жатқан Fly Arystan әуе рейсінде 20 жастағы студент қыз есінен танып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экипаж ұшақтағы дәрігерлерден көмек сұраған. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Нұрсұлтан Кұрбанбеков жолаушыға медициналық көмек көрсетті. 

Дәрігер қызды тексеру барысында оның тамыры әлсіз соғып тұрғанын, артериалды қысымы түсіп кеткенін анықтады. Бұл жолаушының жағдайы өте ауыр екенін білдірген.

Маманның жылдам әрекет етуінің нәтижесінде студент қыздың халі бірнеше минут ішінде оңалды. Оның гемоглобин деңгейі 61 екені, ешқандай ем-дом алмағаны белгілі болды.  Енді ол қосымша тексеруден өтуі тиіс, дейді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары