$ 503.42  542.08  6

Kaspi Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасауды іске қосты

Жеке кәсіпкерлер де бұл сервисті, мысалы, Қытайдан тауар сатып алу үшін пайдаланатын.

Фото: Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Көптеген қазақстандықтар Қытайда сатып алған заттың ақысын Kaspi.kz мобильді қосымшасында Alipay+ сервисі арқылы төлейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жеке кәсіпкерлер де бұл сервисті, мысалы, Қытайдан тауар сатып алу үшін пайдаланатын. Ол үшін алдымен Kaspi Pay бизнес-шотынан Kaspi Gold картасына ақша аудару керек болатын.

Енді жеке кәсіпкер тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасай алады. Бұл ыңғайлы және валюталық заңнаманың талаптарына толық сәйкес келеді.

Сатып алған заттың ақысын Kaspi Pay шотынан төлеу Kaspi.kz серіктестері – барлық ЖК-ге қолжетімді. Толығырақ серіктестерге арналған Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Kaspikz #Kaspi.kz