$ 494.84  537.4  5.58

Батыс Қазақстанда жүргізуші автобусты тоқтатып, намаз оқыған (ВИДЕО)

Желі қолданушылардың көбі мұндай әрекетті құптап, жүргізушінің таза ниетін сөз қылды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Еліміздің батыс өңірінде қоғамдық көлікте Жұма намазын оқыған автобус жүргізушісі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылардың көбі мұндай әрекетті құптап, жүргізушінің таза ниетін сөз қылды.

«Аллаға оқитын жер емес, ниет маңызды», «Бауырым, дұғаң қабыл болсын!» – деп оқырмандар жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Екіншілері болса, намазды кез келген жерде оқу дұрыс еместігін айтып, оны сынға алды.

«Кез келген жерде намаз оқу сәнге айналды ғой, өзін көрсетудің амалы», «Мыналарың артық, адамдар таптаған лас жерде намаз оқу – үлкен күнә. Мазақ етіп болдыңдар ғой», – деп жазады сыншылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 33
Күлкілі 5
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары