$ 494.84  537.4  5.58

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Фото: Павлодар облыстық ПД
Фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодар облысында өлімге әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Павлодар – Семей автожолында, Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде екі автокөлік соқтығысып, салдарынан “Тойота Corolla Spacio” көлігінің жүргізушісі ауруханада көз жұмды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға ауа райының өзгерістеріне назар аударуды, жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қарқынды қозғалыс учаскелерінде және көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауда ұстауды ескертеді, – деп атап өтті ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары