$ 494.84  537.4  5.58

АҚШ-та Трамп резиденциясының алдында атыс болды

Оқиға кезінде Дональд Трамп Флоридада болған, сондықтан оған ешқандай қауіп төнген жоқ.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

АҚШ-та президент Дональд Трамптың резиденциясы маңында атыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bild басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Ақ үйге жақын жерде белгісіз адам оқ атқан. АҚШ құпия қызметінің офицерлері шабуылдаушыны жаралап, қарсы оқ атуға мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Индиана штатынан Вашингтонға келген.

Оқиға кезінде Дональд Трамп Флоридада болған, сондықтан оған ешқандай қауіп төнген жоқ. Шабуылдаушыдан басқа ешкім зардап шекпегені хабарланды.

Полицияның дерегінше, оқиға алдында суицидке бейім адам туралы қоңырау түскен. Көп ұзамай құқық қорғау органдары Ақ үй маңындағы көліктен сипаттамаға сәйкес келетін ер адамды тапқан.

"Офицерлер оған жақындаған кезде, ол қаруын шығарып, атыс басталды", – деп мәлімдеді АҚШ-тың құпия қызметі.

Жараланған ер адам ауруханаға жеткізілді, бірақ оның қазіргі жағдайы белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары