11.03.2025, 08:30

«Қар жауып, боран соғады»: Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Астанада кей уақыттарда қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.  Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Синоптиктер 11 наурызда Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. Кейбір өңірлерде қар жауып, ақтүтек боран ұйытқиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қарағандыда көктайғақ болады деп болжанады.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Жезқазғанда да тұман, көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары.

Түнде және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман болады, түнде облыстың шығысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.  Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ орталығында да тұман түседі деп күтіледі.  

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, сондай-ақ орталығында да тұман түседі деп күтіледі. 

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, сондай-ақ орталығында да тұман түседі деп күтіледі.  

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде қар жауып, бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда да кей уақытта тұман болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде де қар жауып, бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауады, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алматыда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Қонаевта түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп бажайланады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары.