11.03.2025, 10:20

Жаркентте жер сілкінді

Фото: Талдықорған таңы

Зардап шеккендер жоқ.

 

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 2025 жылдың 11-ші наурызы күні сағат 01:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысы Жаркент қаласында 2 балл қуатпен сезілген.

Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ.