Жедел жәрдем мен ВАЗ көлігі соқтығысып қалған.
Маңғыстау облысында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға Жетібай-Мұнайшы тасжолында болды. Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.
"ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.