$ 488.53  531.91  5.68

Астанада екі жүргізуші көшенің қақ ортасында төбелес шығарды (ВИДЕО)

Видеожазбада жігіттердің соққылар алмасып жатқанын, ал олардың бірінің серігі ажыратпақ болғанын көруге болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада жолға таласып қалған жүргізушілер көшенің қақ ортасында бір-біріне жұдырық ала жүгірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі жүргізуші бір-бірінен жол бермей, көшенің ортасында төбелес шығарды. Жүк көлігімен өтіп бара жатқан куәгер бұл көріністі түсіріп алған.

Видеожазбада жігіттердің соққылар алмасып жатқанын, ал олардың бірінің серігі ажыратпақ болғанын көруге болады.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар дер кезінде ұсталып, оларға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Енді оларды әкімшілік сот күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары