$ 488.53  531.91  5.68

«Құдайдан сұрап алғанмын»: актриса Салтанат Серкебаева күйеуімен қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)

"Е, құдай мен шынайы махаббаттыы қатты қалаймын. Маған сондай бақытты бұйыршы, жартымды кездестірші деп тіледім".

"Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі ретінде елге жақсы таныс актриса Салтанат Серкебаева алғаш рет ашық сұқбат беріп, отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Салтанат Серкебаева Youtube-тегі "Айтарым бар" подкасында күйеуімен қалай танысқаны туралы әңгімеледі. Актрисаның айтуынша, ол сапарда жүрген адамның тілегі қабыл болатынын естіп, сол уақытта іштей шынайы махаббатын кездестірсем деп тілеген.

"Мен тіпті күйеуімді де құдайдан сұрап алғанмын, осындай болсыншы деп. Сапарда жүргенде көліктің ішінде жолда құдайдан көзімді жұмып: "Е, құдай мен шынайы махаббаттыы қатты қалаймын. Маған сондай бақытты бұйыршы, жартымды кездестірші деп тіледім. Араға бір апта салғаннан кейін Өскемен қаласында кездестік, таныстық. Бірақ мен бірден сол адам екенін білген жоқпын. тек таныстығымыз екен. Ол бізді Өскеменен күтіп алған еді. Кейін араласып, сөйлесіп кеттік", - дейді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары