$ 489.15  533.47  5.64

«Қайнаған шәйнекті маған лақтыра салды»: Белгілі актер әйелімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Тіпті бір концерттерде оның мас екенін көрермендер біліп қойды.

Мұхамеджан Мырзакеев Гүлжан Қалыбаеваның "Алматыдағы 2 бөлмелі үйімді жиһазымен қосып Мұхамеджан алып қойған" деген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тамаша» ойын-сауық отауының экс-әртісі Гүлжан Қалыбаева Аман Тасығанға сұхбат беріп, Алматы қаласындағы үйінен айырылып қалғанын айтқан еді. Актрисаның айтуынша, оның 2 бөлмелі үйін сол кездегі әріптесі Мұхамеджан Мырзекеев алып қойған. 

Алайда, Мұхамеджан Мырзекеев өзіне тағылған бұл айыпты жоққа шығарды.

«Мен ол сияқты аузыма келгенді сөйлемеймін, мен фактімен айтамын. Бұл оқиғаның өткеніне 25 жыл өтті. Бұны жылы жауып қоя салсам да болатын еді. Бірақ Гүлжанның сұхбатынан кейін шындықтың бетін ашайын деп ойладым. Оқиға былай болды. 2000 жылдың аяғында мен Тамашадан кетіп бос жүрдім. 2001-дің басында Гүлжан өзі байланысқа шығып, кездесуге шақырды. Сол жерде «Күлкі керуенге» режиссер болып келші деп ұсыныс жасады. Қандай шартың бар деді. Мен Талғарда тұрамын, жұмысқа барып-келуім қиын, егер, жағдай жасасаң, үй берсең ғана барамын дедім. Ол ия, менің екі бөлмелі үйім бар, көрейін деді. Арада екі күн өткенде, Гүлжан хабарласып, Алматыдағы  екі бөлмелі үйін беретінін айтты. Бірақ, мен үйді менің емес, әйеліме аударасың дедім. Үйдің өтемі ретінде «Республика» сарайында өтетін әр концерттің гонорарын бермейтінін айтты. Келістік. Ал, бала-шағамды гастрольге шыққан ақшаға асырайтын болдым.

«Республика» сарайында өтетін концерттен өте үлкен ақша түседі. Сол ақшаның бәрін олар алды. Мен тек гастрольден түскен ақшаны алдым. Үй 6000 долларға бағаланды. Бірақ концерт саны нақты айтылған жоқ. Біз жұмыс істеген кезде Күлкі керуеннің рейтингі ұшты, халық риза болды», — дейді ол Аман Тасығанға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Мұхамеджан Мырзакеев «Күлкі керуенінен» кету себебін де жасырмады. 

«Гүлжанның өзі де сұхбатта айтты ғой, ішкілікке салынғанын. Жұмыста жиі ішетін еді. Тіпті бір концерттерде оның мас екенін көрермендер біліп қойды. Сонда әртістердің бәрі — алқаш! Бұндай түрмен сахнаға қалай шығасыңдар? деп айғайлаған кез де болды. Біз ұяттан жерге қарап, сахнаға шығып кеттік.

Бірақ менің шегіме жеткен жері — Атырау облысына барған гастрольдік сапарымызда болды. Құрманғазы деген ауданға бардық. Театр залы лық толы көрермен, ине шаншыр жер жоқ. Концертіміз жақсы басталған. Алайда Гүлжан бірінші бөлімнің ортасынан кейін ішіп алып, ұйықтап қалды. Көрермен бізге қатты ренжіді. Сол жолы оған қатты ренжідім, режиссер болғасын неге бұлай еттің дедім, бұлай жалғаса берсе жұмыстан шығамын дедім. Ал ол болса, маған қарсы шығатын сен кімсің деп қайнап тұрған шайнекті ыстық суымен маған қарай лақтырды. Мен қашып, шайнек қабырғаға тиіп, аман қалдым. Ішімнен шегі осы дедім. Концерттен кейінгі болатын банкетке бармай, жүгімді жинап, тіке Алматыға ұшып кеттім. Ол күннен кейін о Гүлжанды көрмедім. «Күлкі керуенінен» осылайша кеттім», — дейді Мұхамеджан Мырзакеев.

Мұхамеджан Мырзакеев Гүлжан Қалыбаева екеуінің соттасып жүріп, бір сериалда ерлі-зайыптының рөлін сомдаған кездерін де еске алды. 

«Бір кездері трагедия болған еді, қазір комедияға айналды. Сол кездері сот болып жатыр, екеуміз қырылысып жүргенде мен сериалға өтемін. Сериалда Гүлжан менің әйелім болып ойнайды. Сонда мотор дейді, екеуміз әп-әдемі ерлі-зайыптының рөлін ойнаймыз, бетінен сүйемін, төсекте бірге жатамыз. Стоп дегенде далаға шығып қырылысамыз, төбелеске дейін барамыз. Мотор десе қайтадан ойнаймыз. Былай шығып төбелесеміз», — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 11
Күлкілі 21
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары