12.03.2025, 10:20

Президент Дариға Тілендиеваның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Фото: Ақорда

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Кеше Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өткені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты", — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында көз жұмды.