$ 505.15  550.31  5.89

Шығыс Қазақстанда тағы екі аудан «бұрынғы» уақыт белдеуіне көшті

Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Шемонаиха аудандарында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы уақытқа дейін өңірдегі Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын және Алтай аудандары жаңа жұмыс кестесіне көшкен. Енді бұл қатарға Глубокое және Шемонаиха аудандары қосылып отыр.

Демек, Шығыс Қазақстандағы 11 ауданда мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Алайда бұл өзгерістер білім беру мекемелеріне, балабақшалар мен медициналық ұйымдарға әсер етпейді. Себебі олар бұрыннан осындай тәртіпте жұмыс істеп келеді.

Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаев жаңа өзгерістер белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкіндігін, бірақ бұл ауданның дамуы үшін қажет екенін жеткізді.

– Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жаңа жағдайларға бейімделу қажеттілігі туындады. Жұмыс кестесінің өзгеруіне бейімделетін барлық бюджет қызметкерлеріне қолдау білдіремін. Бұл – жұмыс үдерістерін оңтайландыруға және әлеуметтік, коммуналдық мекемелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған қадам. Біз жағдайды мұқият қадағалап, туындаған сұрақтар мен ұсыныстарға жедел жауап береміз, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары