$ 505.15  550.31  5.89

Хасан Қасымбаев ісі: Жәбірленушілер саны артты

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.

фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Хасан Қасымбаевқа қатысты істе тағы бір жәбірленуші пайда болды. Бұл туралы бірінші жәбірленуші Арман Әлімовтің адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау деректері бойынша тергеу басталған болатын.

Ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру Арманға қатысты, ал бопсалау басқа жәбірленушіге қатысты, - деді адвокат Әлішер Әлішев.

Ол осылайша бұл іс бойынша екі жәбірленуші барын растады. Адвокат Әлішер Әлішев Хасан Қасымбаев қазір уақытша ұстау изоляторында отырғанын мәлімдеді. Оған ҰҚТ құру және басшылық ету бойынша айып тағылмаған.

Тергеу аяқталғанын және іс материалдарымен танысу процесін күтеміз. Тергеу жүріп жатыр, нәтижелерін күтеміз, - деді адвокат Әлішер Әлішев.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Хасан