Енді қазақстандықтар есірткілік әсері бар және күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін де жазаланады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген түзетулер 13 наурыздан бастап күшіне енді. Кей баптар толықтырылды, ал басқалары қайта қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылы 10 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №155-VIII Заңына қол қойды. Ережелер 13 наурызда ресми түрде күшіне енді.
Көлік жүргізушілері де, қарапайым азаматтар да ескеруге тиіс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерді толығырақ қарастырайық.
Жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын орындамағандардың жауапкершілігін қарастыратын Кодекстің 593-бабында жаңадан 1-2-бөлімі пайда болды:
"Көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс жолаушы тасымалдау, сондай-ақ көлік құралының терезе саңылаулары мен люктерінен басын шығару немесе қозғалыс кезінде есіктерін ашу".
Енді бұл үшін көлік иелері 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде немесе 2025 жылғы мөлшермен – 39 320 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Кейбір бап өзгеріске ұшырап, жазалар күшейтілді, кейбірі жеңілдетілді.
Сондай-ақ, темір жол өткелдерін кесіп өту ережелерін бұзғаны үшін (607-бап) бұрынғыдан да қатаң жаза қолданылады - айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке (39 320 теңгеден 78 640 теңгеге дейін) ұлғайтылды. Ал егер бұл заңбұзушылық қандай да бір мүлікке нұқсан келтірсе немесе материалдық шығын келтірсе, онда жүргізуші 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Сонымен бірге, көлік иелерінің екі түрлі теріс әрекеті үшін жазалау шаралары жеңілдетілді:
Әкімшілік жазаның басқа салаларына келер болсақ, енді қазақстандықтар арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін (438-бап) 30 емес, 60 АЕК (235 920 теңге) айыппұл төлейді.
Ал егер бұл төтенше жағдайлар, жазатайым оқиғалар, өрт және басқа да табиғи апат кезінде немесе бірінші жазадан кейін бір жыл ішінде қайталанса, сома 120 АЕК (471 840 теңге) дейін өседі.
Ал, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап кәмелетке толмаған азамат (14-16 жас аралығындағы) жалған қоңырау шалса, айыппұл 15 АЕК емес, 30 АЕК (117 960 теңге) болып бекітілді, оны ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар төлеуге тиіс.
Сондай-ақ заңсыз қоқыс төгетін жер ұйымдастырғаны үшін бөлек айыппұл қарастырылған. Сонымен, 344-бапқа енді келесідей жаңа құқық бұзушылық түрлері енгізілген:
Енді қазақстандықтар есірткілік әсері бар және күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін де жазаланады (440-1-бап), егер бұл әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса:
Осылайша, қазақстандықтар әкімшілік жауапкершілікті ұмытпауы қажет. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, жедел жәрдем шақыру және қоғамдық орындарда және табиғатта өзін ұстау ережелерін білуге тиіс.