Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
Ақтау әкімінің орынбасары қызметке тағайындалған күннің ертеңінде жұмыстан шығып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Келесі күні, 4 наурызда ол жұмыстан шығып кеткен. Деректерге сүйенсек, бұған дейін 2024 жылдың мамыр айында шенеунікке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған.