Оқиға орнындағы адамдар жедел жәрдем шақырған. Әйел ауыр жарақаттар алып, бірнеше күрделі операцияны басынан өткерді.
41 жастағы әйел бұрынғы күйеуі көлігімен қағып кеткеннен кейін аяғынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Виолеттаның кенже қызының әкесі алты жылдық қарым-қатынастан кейінгі ажырасуды қабылдай алмай, агрессияға бой алдырған. Көп ұрыс-керістен кейін Виолетта күйеуінен кетемін деп шешім қабылдаған. Бірақ ер адам әйелін жібергісі келмеген", – деп хабарлады зардап шеккен әйелдің достары.
Оқиға болған күні ер адам оған қоңырау шалып, жұмысқа апарып тастауды ұсынған. Виолетта бас тартқанымен, ол бәрібір көндірген. Жолда тағы да ұрыс басталған. Межелі жерге жеткенде ер адам оны көліктен шығармай қойған. Виолетта әрең дегенде көліктен шығып, павильонға қарай жүгірген, бірақ ішке кіріп үлгермеген.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көлігімен оны павильонға қысып қалған. Виолетта құлап түскен, оқиға орнындағы адамдар жедел жәрдем шақырған. Әйел ауыр жарақаттар алып, бірнеше күрделі операцияны басынан өткерді. Бір аяғын кесіп тастауға тура келді. Ал екіншісін аман алып қалу үшін күрес әлі жалғасып жатыр. Қазір ол ауруханада және қымбат ем, оңалту, сондай-ақ протез қажет.
Туыстары мен достары Виолеттаға көмектесу үшін қаражат жинау жариялады. Ол 14 және 2 жастағы екі қызын тәрбиелеп отыр.