$ 499.04  544.45  5.96

Алматыда әуежай маңынан өрт шықты

рт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенгенін анықтады.

Фото: видеодан кадр/ТЖМ
Фото: видеодан кадр/ТЖМ

Әлеуметтік желіде әуежай аумағына жақын маңда қара түтін шыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы әуежайы баспасөз қызметі әуе айлағының аумағында ешқандай төтенше жағдай болмағанын мәлімдеді. Ал Алматы облысы ТЖД мәліметінше, 10:44-те департаменттің кезекші бөліміне Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің аумағында құрғақ шөп өртенгені туралы қоңырау келіп түскен.

-"Өртті жою үшін оқиға орнына Өтеген Батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен арнайы техника, сондай-ақ Алматы қаласының №11 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техника жіберілді. Өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенгенін анықтады. 12:18-де от толық өшірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қоймаларында өрт фактілері неліктен көбейгенін жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары