Үкімет басшысы айтқандай, қазақстандық кино өндірісі былтыр 58%-ға өсті.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов киноның сапасына мән беру керегін тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Үкімет басшысы айтқандай, қазақстандық кино өндірісі былтыр 58%-ға өсті.
Кассалық табысы ең жоғары 10 фильмнің арасында әрбір екінші таспа отандық өндірістің туындысы болды. Шетелдік және отандық картиналардан түсетін алым шамамен теңесті. Бұл көрермендердің ұлттық контентке деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді, - деді ол.
Бектенов құрылтайда Мемлекет басшысы түсіріліп жатқан фильмдер мен сериалдарға ерекше мән беруді тапсырғанын еске салды.
Жобалардың санын көбейтіп, тек пайда түсіруді ғана мақсат етпей, фильмдердің сапасына баса назар аудару керек. Ал жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек. Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады. Бірақ қазіргі уақытта фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін бекіту маңызды, - деп айтты Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін «е-кино» платформасын жедел іске қосу керегін тапсырды.