Сондай-ақ егер көлік шетелдік нөмірде болса, Қазақстан аумағында тұрақты тіркелмеген жағдайда оған да салық салынбайды.
2024 жылы иелік еткен көліктерге жеке тұлғалар 2025 жылғы 31 наурызға дейін салық төлеуге міндетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Салық маманы Балжан Бақытқалиқызының айтуынша, бұл талап Салық кодексінде бекітілген. Көлік салығы көлік түріне, қозғалтқыш көлеміне және көліктің елде алғаш тіркелген жылына қарай есептеледі. Көлік салығын есептеу үшін мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтындағы калькуляторды пайдалануға болады. Ал салық сомасын egov.kz, e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы тексересіз. Егер көрсетілген сома дұрыс болмаса, мемлекеттік кірістер органына жүгініп, қатені түзету қажет, - делінген Мың теңге телеграм арнасында.
Кім көлік салығын төлемейді?
- мүгедектігі бар жандар - Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері - электромобиль иелері
Сондай-ақ егер көлік шетелдік нөмірде болса, Қазақстан аумағында тұрақты тіркелмеген жағдайда оған да салық салынбайды.
Көлік салығын қалай төлейді?
Салық Kaspi.kz, Egov.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы төленеді. Көлік салығын төлеу кезінде көліктің VIN-кодын немесе шасси нөмірін енгізу қажет. Төлем мерзімі 31 наурызда аяқталады, ал одан кейінгі әрбір кешіккен күн үшін өсімпұл есептеледі.
Егер көлік салығы уақытында төленбесе, қарыз сомасына өсімпұл қосылады. 1 сәуірден бастап төлем жасалмаса, салық органы борышкердің банктік шоттарын бұғаттауы мүмкін. Тіпті жаңа есепшот ашуға тыйым салынады.