Шетелдік көздерден қаржы алған тұлғалардың тізімі мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналастырылған.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың екінші жартыжылдығында шетелдік қаржыландыру алған тұлғалардың кезекті тізілімін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шетелдік көздерден қаржы алған тұлғалардың тізімі мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналастырылған.
Ведомствоның мәліметінше, жалпы 2023-2024 жылдары 295 тұлға есеп берген, оның ішінде 118-і тұрақты түрде, 96-сы мерзімді түрде, ал 81-і бір реттік есеп берген.
"2023 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтер 267 тұлға тарапынан ұсынылып, жалпы сомасы 28,7 миллиард теңгені құрады. 2024 жылы мұндай есептер 218 тұлға тарапынан ұсынылып, жалпы сомасы 27,2 миллиард теңгені құрады. Бұл шара азаматтардың мемлекетке және үкіметтік емес ұйымдарға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған", – делінген хабарламада.
Тізімде келесі ұйымдар көрсетілген:
2024 жылдың екінші жартыжылдығында жалпы 200 ұйым тізілімге енгізілген. Сонымен қатар шетелдік көздерден алынған қаржы туралы есептерді тапсыру талаптары әлемдік тәжірибеге сәйкес келетіні айтылған. Ақпан айында Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда шетелдік қаржы алатын тұлғалардың тізілімі әр жарты жыл сайын жарияланатынын және ақпараттың ашық қолжетімді екенін хабарлаған еді.