Қазіргі уақытта өзендегі су деңгейі тұрақтанғаны хабарланды.
Ресейдің Челябі облысындағы Аша қаласында мұз кептелісі мен жауын-шашынның салдарынан Сима өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, 31 үй ауласы су астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Аймақтық ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына арнайы өрт-сөндіру және құтқару бөлімшесінің күштері мен пилотсыз ұшу аппараттары бар жұмыс тобы жіберілді.
Округ әкімшілігі су екі шағын ауданға жайылғанын, құтқарушылардың оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, М-5 «Аша – Миньяр» тас жолының айналма бөлігі толықтай жабылған.
Ашаның солтүстігінде, Сим өзенінде мұз жүруі кезінде кептеліс пайда болып, қаланың солтүстік-шығысында орналасқан Чапаевский және Козинский ауылдарын су басты. Аша – Миньяр бағытындағы аймақтық маңызы бар жолға жалғасатын көше су астында қалды.
Су басқан аудандарда үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарды эвакуациялауға дайындық жүргізіліп жатыр, уақытша орналастыру пункті әзірленді. Зардап шеккендер туралы мәліметтер әзірге жоқ.
Қазіргі уақытта өзендегі су деңгейі тұрақтанғаны хабарланды.