Осы орайда Мәжіліс депутаты қазақ халқының тарихында ұлы жеңістердің де аз болмағанын баса айтты.
Тарих шындығын мойындау ұлы халықтардың ғана қолынан келеді. Мұндай пікірді BIZDIÑ ORTA подкасында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
— Жалған тарих жасап қажеті жоқ. Ертең әшкере болып қалады. Сондықтан барды бар, жоқты жоқ деп жазу керек. Болмаған дүниені болды деп қатты әсірелеуден, «осы дүниеде тек біз мықты мемлекетпіз, халықпыз» деп асыра сілтеушіліктен аяғымызды тартуымыз қажет. Ең бастысы ақтаңдақтың бәрін әділ көрсетіп, ашық айтуымыз қажет. Тіпті кей жерде жіберген қателіктеріміз үшін де кешірім сұрауымыз керек шығар. Себебі тарих шыдығын, әділдігін мойындау ұлы халықтардың ғана қолынан келеді, — деді Еділ Жаңбыршин.
Осы орайда Мәжіліс депутаты қазақ халқының тарихында ұлы жеңістердің де аз болмағанын баса айтты.
— Соның арқасында осындай ұлғанғайыр жерді алып қалдық. Соның арқасында осы күнге дейін мемлекет болып өмір сүріп келеміз. Тілімізді де, дінімізді де, ділімізді де жоғалтпадық. Әрине, бізде жеңілістер де болды. Оны жасырмауымыз қажет. Ертең қайталамас үшін сабақ болуы тиіс. Сондықтан тарих әділ, шын жазылуы тиіс деп есптеймін, — деді ол.