$ 503.42  542.08  6

Қазақстанда банкроттыққа ең көп өтініш берген өңір белгілі болды

Бұл туралы Сейілжан Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің мәліметінше, банкроттыққа өтініштердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның саны  – 23 640 өтініш. Бұл республика бойынша барлық өтініштердің 11,8%-ы. Ең аз өтініш Ұлытау облысында – 1 924 (1%). Бұл туралы Сейілжан Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Банкроттардың орташа жасы – 44 жас. Ең жасы үлкен банкрот – 1943 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, оның берешегі 370 мың теңге. Ал ең жас банкрот – 2005 жылы туған Астана қаласының тұрғыны, оның берешегі 856 мың теңге.
Берешегі ең көп банкрот Астана қаласының тұрғыны, оның қарыз сомасы 2,1 млрд теңгеге жеткен.

Банкрот деп танылған азаматтардың ішінде 1 000-нан астамы (5%) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ал 9 891 адамның (44%) қарыздары 5 жылдан астам уақыт бойы өтелмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары