Бүгін Астана банктің жер-жердегі филиалын салымшылар басып алды. Барлығы қаржылық қиындықтарға тап болған банктен ақша алуға келген. Бірақ, банктің қаржы төлеуге толық шамасы жоқ. Ал Шымкентте тіпті «шағым береміз» деп шу көтергендерді басу үшін банк өкілдігі қарулы күзет те шақыртқан. Қызметкерлер мен салымшылар арасындағы дау-дамайды тұтынушылар жағы бейнетаспаға жазып алыпты.
«Астана» футбол клубы банкрот деп жарияланды. Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпараттық порталы Астана қалалық сотына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 200-ден аса жұмыскер маңдай тер, табан ақысымен тапқан ақшасын ала алмай жүр. Еңбек инспекторларының сөзіне сенсек, жалақыдан борышкер 7 мекеменің берешегі 20 млн теңгеге жуықтайды деп жазады Otyrar.kz.