$ 502.83  545.37  5.95

Жамбыл облысында босанған әйел комаға түсіп, жаңа туған сәбиі шетінеп кетті

Қайғылы оқиға Шу қалалық ауруханасында болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысы Шу қаласында босанған әйел комаға түсіп, оның жаңа туған сәбиі шетінеп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға Шу қалалық ауруханасында болды.

Туыстарының айтуынша, әйел перзентхана бөліміндегі дәретхана маңында құлап қалған. Жақындары әйелге дәрігерлер қажетті көмекті көрсетпеді, оған тиісінше қарамады деп есептейді. Сондай-ақ олар босандыруды жүргізген дәрігердің бұған дейін үш қылмыстық іс бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас ауруханаға жүктілігінің 33-аптасында преэклампсия белгілерімен түскен. Оған шұғыл кесарь тілігі жасалған, қазіргі жағдайы өте ауыр. Жаңа туған нәресте жайлы ақпарат берілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары