Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады.
Алдағы демалыс күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің әр өңірінде жауын-шашын болады:
батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – жаңбыр; солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда – жаңбыр аралас қар жауады.Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады. Тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында күн ашық болады.
Қай өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі?
23-24 наурыз – Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады. 24 наурыз — Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.Температура қалай өзгереді?
Батыс Қазақстан: түнде -3…-8°C, күндіз +7…+12°C. Оңтүстік-батыс: түнде 0…+8°C, күндіз +5…+13°C. Солтүстік-батыс: түнде -3…-10°C, күндіз +2…+12°C. Солтүстік: түнде 0…-8°C, күндіз 0…-5°C. Орталық: түнде -2…-10°C, күндіз 0…-5°C. Оңтүстік: түнде +3…+15°C, күндіз +8…+18°C. Шығыс: түнде -3…-12°C, күндіз +3…-2°C.Синоптиктер азаматтарға ауа райының қолайсыздығына дайын болып, жолда абай болуға кеңес береді.