$ 502.83  545.37  5.95

«Ат үркіп, көрермендерді таптаған»: Жамбыл облысында Наурыз мейрамы кезінде оқыс оқиға орын алды (ВИДЕО)

Жағдай жедел түрде бақылауға алынған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында Наурыз мейрамына орай жиналған жұртты асау ат таптап кете жаздады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Кадрдан асау ат үркіп, иесіне бағынбай, жиналғандарды қағып-соғып өткенін, жұрттың жапа-тармағай үрейлене қашқанын көруге болады.

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігіндегілер оқиғаға қатысты түсінік берді. Олардың мәліметінше, 22 наурызда Қызылшаруа ауылында театрландырылған көрініс қою кезінде кенет ат үркіп, сахнаға қарама-қарсы отырған көрермендер жаққа қарай ұмтылған.

"Қуанышқа орай ешкім зардап шеккен жоқ, іс-шара әрі қарай жалғасты", - дейді әкімдік өкілдері. 

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі өкілдері жағдай жедел түрде бақылауға алынғанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары