$ 503.42  542.08  6

Батыс Қазақстан жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, екі адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе–Орал тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәлімет бойынша, апат 22 наурыз күні таңғы сағат 06:15 шамасында Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылы маңында болған.

Алдын ала деректер бойынша, Opel Zafira жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Van Hool автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Opel Zafira жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Ал автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары