Оқиға 25 наурызға қараған түні болған.
Еуропа мен Ресейдің кей өңірі аспаннан спираль тәрзізді жұмбақ құбылысты байқалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Sun басылымының мәліметінше, бұл SpaceX зымыранынан қалған отын болуы мүмкін екенін атап өтті.
X қолданушылары жұмбақ спиральдар туралы түрлі пікір жазады. Спираль Ұлыбританияда, Германияда, Ресейде және Украинада көрінген.
Неміс порталы 5 Minuten Kärnten оқиғаның куәгерінің айтқанын жариялады. Онда куәгер : “аспанда бірнеше минут бойы көрінген спираль баяу жойыла бастады. Көк-ақшыл жарқыраған галактика тәрізді немесе жасанды түрде жасалған құбылыс сияқты көрінді", – деген.