$ 503.42  542.08  6

«Жанымыз сол жақта қалып кеткендей»: 23 жыл бұрын Қазақстаннан көшіп кеткен ер адам сағынышын жеткізді (ВИДЕО)

Адамның Отаны – біреу-ақ.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

23 жыл бұрын Қазақстаннан Германияға көшіп кеткен ер адам елге деген сағынышын жеткізіп, жүрекжарды тілегін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қаншама адам қолдау білдірді. Өте көп. Олар енді – біздің сүйікті қазақтарымыз ғой. Ол жақтан 23 жыл бұрын көшіп кеттік. Ал жанымыз сол жақта қалып кеткендей. Мен қалаймын ба, қаламаймын ба, менен ешкім ешнәрсе сұраған емес. Көшті де өздерімен бірге алып кетті. Бұл жақта 23 жыл өмір сүрсем де сіңіп кете алған жоқпын. Бұл жақта қонақ сияқтымын. Ал ол жақ туып-өскен Отаным ғой. Адамның Отаны – біреу-ақ. Қазақтар – өте жақсы халық. Оларды жақсы көрдім, жақсы көремін, жақсы көре беремін. Мен – қазақпын», - деді ер адам.

Ер адамның жұбайы қолдау білдіргендерге алғысын айтты.

«Бәріңізге ниеттеріңіз, көңілдеріңіз үшін көп-көп рақмет. Біздің Қазақстанның адамдары – өте мықты. Сөз жоқ, рақмет сіздерге! Аман болыңыздар! Қазақстан аман болсын! Тыныштық болсын! Әрқайсыларыңыздың үйлеріңізге мол бақыт, денсаулық тілейміз!

Бұл – сіздердің бауырсақ балаларыңыз!» - дейді жұбайы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 261
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары