$ 503.42  542.08  6

Қазақстанда жыныс ауыстыру операциялары тіркелмеген - Үкімет

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов осы мәселеге қатысты сауал жолдаған болатын.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy, фото: istockphoto.com
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy, фото: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов жыныстық түзету операциялары мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда жыныс ауыстыру операциялары тіркелмеген және олар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайды.

Бұл қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кірмейді. Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына сәйкес, мұндай пластикалық операциялар мемлекеттік қаржыландыру тізіміне енгізілмеген.

Премьер-министр бұл мәселе бойынша заңнамалық өзгерістер қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдар депутаттармен бірлесе қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов осы мәселеге қатысты сауал жолдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары