27.03.2025, 21:30

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

Фото: Pixabay.com

Жол апаты Кенгидо провинциясында болған.

Оңтүстік Кореяда жол-көлік оқиғасы болып, Қазақстан азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты Кенгидо провинциясында болған.

"Бейсенбі күні таңертең Сохэн автомагистралінде төрт Қазақстан азаматы отырған көлік жардан құлап, салдарынан олардың барлығы қаза тапты", – делінген хабарламада. 

Хабарламада Хвасон қаласында Mercedes-Benz көлігі жолаушылармен бірге жолдың оң жақтағы қоршауына соқтығысып, содан кейін жардан құлап, отқа оранған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, жарты сағат ішінде отты сөндірген.

Отқа оранған көліктен төрт ер адамның денесі табылды. Олардың жеке басы әзірге анықталған жоқ.