Президент Режеп Тайып Ердоған бұл әрекеттерді арандату ретінде бағалап, ел ішінде дүрбелең туғызғандардың заң алдында жауап беретінін ескертіп өтті.
Бауырлас ел Түркиядағы жаппай наразылықтар әлі де өршіп тұр. Халық Экрем Имамоғлудың ұсталуына қарсы шығып, өз пікірлерін білдіруде. Алайда билік ашуланған халықты басудың орнына, жаппай ұстап әкетіп жатыр. Түркиядағы ахуал қалай өршімек, жалпы жағдай неден басталды? Skifnews.kz ақпапат порталының тілшісі зерделеп көрді.
Түркиядағы шу неден басталды?
2025 жылдың 19 наурызында жемқорлыққа қарсы операцияда Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу мен баспасөз хатшысы Мұрат Онгунды қамауға алу туралы шешім қабылданған.
Ізінше Ыстамбұл университеті қала мэрінен дипломын кері қайтарып алу туралы шешім шығарған. Бұл оның алдағы президенттік сайлауға түсуіне кедергісін келтіруі ықтимал. Өйткені, Түркия заңы бойынша президенттік сайлауға түсу үшін жоғары білім қажет. Sabah басылымның мәліметінше, Имамоглу мен Онгуннан бөлек 100-ге жуық адам тергелуде. – Операция аясында Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгунды қамауға алу туралы ордер берілді. Сондай-ақ, журналистер мен кәсіпкерлер де бар 100-ге жуық адам тергеуде. Операцияның Medya A.Ş компаниясындағы мемлекеттік сатып-алуларға және Күрдістан Жұмыс партиясы арасында жасалған "қалалық келісімге" қатысты екені айтылды. Имамоглуның Сарыердегі үйінің төңірегінде іздестіру шарасы жүргізілді, – делінген хабарламада. Түркияның негізгі оппозициялық партиясы – Республикалық халық партиясы бұл шешімге парламент деңгейінде наразылық білдірді. Бұған жауап ретінде Ыстанбұл университеті Түркияның жоғары білім беру кеңесі (YÖK) Имамоглудың дипломын жалған деп санап, сол себепті күшін жойғанын хабарлады. Бұл мәселеге қатысты барлық құжат қосымша тергеу үшін Ыстанбұл прокуратурасы мен YÖK-ке берілмек. Айта кетейік, Экрем Имамоглу Ердоғанның басты саяси қарсыласы саналады. Бұған дейін Ердоған қайтадан президент сайлауына түсуі мүмкін екенін білдірсе, Имамоглу да президенттікке үміткерлер қатарында еді.
Түркияда бірнеше әлеуметтік желіге шектеу қойылды
Бұған Түркия оппозициялық Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглуның ұсталуы себеп болған. NTV арнасының дерегінше, Ыстанбұл Бас прокуратурасы "Имамоглу мен оның баспасөз хатшысы, одан бөлек тағы 100-ден астам адамға қарсы сыбайлас жемқорлық, пара алу және лаңкестермен ынтымақтастық жасады" деген айып тағып отыр.
Қоғам реакциясы
Имамоглуны Түркияның түкпір-түкпіріндегі миллиондаған партияластары қолдап, наразылық шерулерін өткізуде. Оны көпшілік алдында Анкара мэрі Мансур Яваш та қолдап, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді талап етті.
Айта кетейік, Ердоған Түркия билігінде 21 жылдан астам уақыттан бері отыр. Ол 2003 жылы премьер-министр, ал 2014 жылдан бері ел президенті болып келеді. Сауалнама нәтижелері бойынша, Имамоглу жастар мен қала тұрғындары арасында жоғары сенімге ие, ал Ердоған негізінен консервативті және егде жастағы сайлаушыларға сүйенеді.
Жексенбі күні Түркиядағы оппозициялық РХП-ның праймеризіне 15 миллион адам қатысып, қамауға алынып, қызметінен босатылған Стамбул мэрі Экрем Имамоглуға қолдау көрсетті.
Сауалнама ұйымдастырушылары Имамоглының жақтастары жексенбі күнгі праймеризде дауыс беріп, Экрем Имамоглуны Түркияның ең көне саяси партиясы Республикалық Халық партиясы (Cumhuriyet Halk Partisi) президенттігіне кандидат етіп ресми түрде сайлады.
"23 наурызда партиямыздың 1 миллион 653 миллион мүшесі еліміздің болашақ президенті Экрем Имамоглуға дауыс берді. Бұл қазіргі төңкеріс әрекетіне ең шешуші жауап. Біз сондай-ақ азаматтарды ынтымақтастығымыз үшін жиналып, дауыс беруге шақырдық. Біз олардан болашақ президент Экрем үшін 13,21 миллион дауыс алдық", – деді партия жетекшісі Озгюр Озель.
Ол Ердоғанды мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдауға және оларда Имамоглумен бәсекелесуге шақырды.
Алғашқы сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін Экрем Имамоглу Силиври түрмесінен алғашқы жазбасын жариялады.
Силиври түрмесінен мені қатты қуантқан жаңалықты сіздермен бөліскім келеді. Біздің Республикалық Халық партиясының президенттік сайлауы рекордтық деңгейде өтті. 15 миллион азаматымыз дауыс берді. Бұл елде үкіметтің қысымынан, бұзылған экономикадан, біліксіздік пен заңсыздықтан зардап шеккен ондаған миллион адам сайлау жәшігіне шықты, - деп жазды ол.
Ал Ыстамбұл мен Түркияның басқа да қалаларында Экрем Имамоглудың тұтқындалуына қарсы наразылық бесінші күннен бері толастамай отыр.
"Түрлі мәліметтер бойынша, кеше түнде Ыстамбулдың қамауға алынған мэрін қолдауға жарты миллионға жуық азамат шықты" деп хабарлайды Reuters. Полициямен қақтығыстар орын алды.
"Ал, саяси дағдарыс ел экономикасына кері әсерін тигізуде. Стамбул биржасының BIST 100 индексі үш күнде 16 пайыздан астам құлдырады. Үкімет ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін миллиардтаған долларды қоқысқа тастауға мәжбүр" деп жазады кейбір түрік БАҚ.
Біз нарықтардың дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырамыз. Жалған хабарға сенбеңіздер, - деп жауап берді Түркияның қаржы министрі Мехмет Шимшек бұл ақпаратқа.
Еске салайық, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу қаржылық қылмыс жасағаны үшін қамауға алынғанымен, сот терроризмге қатысты айыптарды қабылдамады. 23 наурызда Түркияның Ішкі істер министрлігі де Экрем Имамоглу Ыстамбұл мэрі қызметінен уақытша шеттетілгенін хабарлады.
Ыстамбұл мэрі Имамоглу тұтқындалған соң оппозициялық Анкара мэрі Мансур Яваш мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге шақырды.
Еске салайық, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу қаржылық қылмыстар бойынша айыпталып, қамауға алынды, бірақ сот оны терроризм бойынша айыптауды жоққа шығарды. 23 наурызда Түркияның Ішкі істер министрлігі оны уақытша түрде Ыстамбұл мэрі қызметінен шеттету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ыстамбұл мэрінің қамауға алынуынан кейін Анкараның оппозициялық мэрі Мансур Яваш кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге шақырды.
Айта кетейік, Түркияда жаппай митинг өткізуге салынған тыйым 1 сәуірге дейін ұзартылды.