$ 518.31  567.96  6.03

«Тірі болғанда ұлды болар еді»: Денесі жертөледен табылған жүкті әйелдің өліміне қатысты тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

Келіншек жеті жылда 4 рет жүкті болады. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Руслан Өтепбай жертөледе табылған жүкті әйелдің қазасына кінәлілер заң алдында жауапқа тартылсын деп видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әдемі 4 рет жүкті болып, тек 4-ретте ғана балалы болу бақыты бұйырған екен. Ойда жоқта болған бұл оқиға жақындары мен жұбайын есеңгіретіп тастағаны сөзсіз. Дәрігерлер бұл айыптан тек жұмыстан босатылумен құтылмау керек дейді журналист Руслан Өтепбай. 

“Бұл 22 наурыз күні Шу қаласында дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болған Әдемі есімді қарындасымыз. 

25 жыл ғана өмір сүрген Әдемі осыдан жеті жыл бұрын Шыңғысқа тұрмысқа шыққан. Келіншек жеті жылда 4 рет жүкті болады. 
Өкінішке қарай екі жүктілігі жатырдан тыс бітеді. Ал үшінші, экосы түсіп қалады. Ерлі-зайыпты бала сүю бақытын сезіну үшін, тағы да эко жасатады. Шешімдері сәтті болып, тек төртінші мүмкіндіктен ғана жатырға бала бітеді. Қуаныштары қойнына сыймаған екі жас болашақ балаларының жынысын білмек боп, гендер пати жасайды. 
Дәрігерлердің салғырттығы болмаса, ерлі-зайыпты бір айдан соң шекесі торсықтай ұл сүйер ма еді… әттең, енді бәрі кеш. 

Тек ана мен баланың әруағы тыныш болу үшін осы сұмдыққа қатысы барлар жұмыстан ғана шығарылмай, қылмыстық жауапкершілік арқалауы тиіс. Видеоны бөлісіп, әділдіктің орын алуына мұрындық болыңыз!”. 

Видеодан екі жастың болашақ перзенттерінің ұл болатынын көріп қуанып жатқан сәтін көруге болады. Сондай-ақ, тележүргізушінің айтқанына пікір қалдырушылар толық келісетіндерін жазып қолдауда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары