06.04.2025, 18:30

Су тасқыны: Ақмолада жүргізуші қаза тапты

Фото: Pixabay.com

Қайғылы оқиға 5 сәуірде "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы" бағытының 963-шақырымында болды.

Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 5 сәуірде "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы" бағытының 963-шақырымында болды.

Жүргізуші салынған тыйымға құлақ аспай, полиция бекетін айналып өтіп, су тасқынына байланысты жабылған аумақпен өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті, - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.