5 сәуір күні Chevrolet Cobalt автокөлігі 1153-шақырымда жолдан шығып, аударылып кеткен.
Қызылорда – Павлодар бағытындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы болып, бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
5 сәуір күні Chevrolet Cobalt автокөлігі 1153-шақырымда жолдан шығып, аударылып кеткен.
«Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазір жол апатына байланысты барлық мән-жайлар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.