Оқиғаның мән-жайын заңгер Анна Чернова жазды.
Тұрғын үйдің жанына барып көлігінің дабылын тоқтаусыз басып тұрғаны үшін жүргізушіге күзетші барып ескерту жасаған. Оған долданған жігіт күзетшіні аямай соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиғаның мән-жайын заңгер Анна Чернова жазды.
«Сағат шамамен түскі 14.30 кезінде 29 жастағы салық органында істейтін немесе бұрын істеген Нұрсұлтан Қайратұлы деген адам Шахристан тұрғын үй кешенінің жанына келіп, көлігінің сигналын тоқтаусыз басып тұрып алды. Осылайша демалыс күні тұрғындардың мазасын алған», — деді заңгер.
Оның айтуынша, тұрғын үй кешенінің ауласы көліктер кіруге арналмаған, сондықтан оның ерсі әрекетін күзетші байқап қалып, ескерту жасайды.
Бірақ долы жігіт күзетшінің сөзін елең қылмай, оған шабыл жасайды. Ол куәгерлер келіп араша түскенше ұруды жалғастыра берген.
Оқиға орнына полиция шақыртылып, көлік жүргізушісін алып кеткен. Ал күзетші ауруханаға жеткізілді.
«Бостандық аудандық полиция басқармасы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Қазір тергеу іс-шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады ПД.
Еске салайық, былтыр наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешенінің күзетшісі 42 жастағы Нұрбол Қайыпбаевты ер адам көлікпен басып, жауыздықпен ұрып- соғып өлтірген еді.