$ 521.9  593.5  6.39

Екібастұзда Төтенше жағдай басқармасының бастығы 7,4 млн теңге пара алған

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Дәулет Куконев пен оның қол астындағы қызметкері сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

31 наурызда Екібастұз қалалық соты төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Дәулет Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды.

“Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 миллион теңге көлемінде бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды”, – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқара алмайды. 

Дәулет Куконев "азаматтық қорғаныс полковнигі", Майманов "азаматтық қорғаныс майоры" арнайы атағынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары